Үкімет Президенттің тапсырмасы аясында нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы республикалық штаб құрды. Ол мемлекеттік органдардың осы бағыттағы қызметін үйлестіреді. Яғни есірткі бизнесімен күрестің тиімді тәсілдерін әзірлеу, психотроптық затқа тәуелді адамдарды оңалту жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.
Сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында да өңірлік штаб құру көзделген. Ал республикалық штабқа Премьер-министрдің өзі басшылық етеді.