Елімізде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестры ашылады

  • 12
  • 14.08.2025, 18:36

Салаға енгізілгелі жатқан жаңашылдықты Жетісу облысындағы өндіріс орындарын аралаған Мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтты. 

Талдықорғандағы стационарлы аккумулятор шығаратын зауыт былтыр желтоқсан айында ашылған. Ішкі нарықты игере бастаған кәсіпорын жалған компаниялардың жымысқы әрекетінен біршама қиындыққа тап болып, депутаттардың көмегіне жүгінген еді. Тиісті шаралар қабылданған соң, зауыт жұмысы жандана түскен. 110 адам еңбек ететін мекемеде жыл соңына дейін 60 мың дана инфроқұрылымдық жүйеге арналған батарея өндірілмек. Саладағылар «жаңа бастама әртүрлі сертификаттарды алмастырып, отандық тауар өндірушілердің ісіне тың серпін береді» деген сенімде. 

Серікбай Әжмағамбетов, зауыттың бас директоры:

- Бұл бастама біздің ғана емес, өзге де отандық кәсіпорындардың дамуына оң ықпал етеді. Себебі реестрға нақты іспен айналысатын өндіріс орындары ғана кіреді. Сол арқылы ішкі нарық жалған тауар өндірушілерден тазарады. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Президент Тоқаев өзі мақсат қойғандай біз жыл сайын 6-7 процент өнімді көбейтуіміз керек. Әрине, оны біз құр сөзбеністей алмаймыз. Бұндай мақсатты нақты өнім шығаратын, өндірісшілерді қолдап ғана істей аламыз.