Астанада жылу тарифі шамамен 30% дейін өсуі мүмкін

  • 10
  • 14.08.2025, 18:36

Келесі жылы Астанада жылу тарифі шамамен 30 пайызға дейін өсуі мүмкін. Шығындардың артуына байланысты «Астана – Теплотранзит» акционерлік қоғамы тиісті өтінім берген. Бірақ жылу құны нақты қанша пайызға қымбаттайтыны әзірге белгісіз. Қалада алдағы жылу маусымына дайындық жалғасып жатыр.

Биыл елорадағы жылу желілерін жөндеуге «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 3,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат есебінен 16 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 77 пайызы аяқталған. 

Серік Амангелдинов, жылу компаниясы басқарма төрағасының орынбасары:

- Біз тариф бағасын көтеруді сұрап отырмыз. Өйткені барлық материалдың, жанар-жағармай мен салықтың бағасы өсіп келеді. Жылу желілері де жылдан жылға тозып барады. Оны жөндеп, штатты кеңейту үшін қаржы керек. Бірақ өсім біз күткендей болмауы мүмкін. Өйткені биыл қыста тариф бағасын 20 пайызға көтеруді сұраған едік. Алайда ол 10 пайызға ғана өсті.Сондықтан келесі жылы тариф мынша болады деп айтуға әлі ерте. Нақты шешімді күтеміз.