Ұлытау облысында жол құрылысы қарқын алды

  • 11
  • 14.08.2025, 18:37

«Қызылорда–Жезқазған» жолының Ұлытау облысына тиесілі бөлігінде жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Жолдың негізгі табаны нығыздалып, Қызылорда шекарасынан бастап асфальттың алғашқы қабаты төселіп жатыр.

Жұмыс барысымен өңірге барған Мәжіліс депутаты Ерболат Сатыбалдин танысты. Мердігерлермен тілдесіп, жұмыстың сапалы орындалысы мен қоршаған ортаға тиетін әсерін естен шығармау қажеттігін ескертті. Ұзындығы 208 шақырым күрежолды жөндеуге шетелдік 4 компания тартылған. Жалпы саны мыңға тарта жұмысшы мен 500-ден астам техника жұмылдырылған. 

Ерболат Сатыбалдин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірнеше сұрақ болды. Біреуі мынау жолдың негіздемесін салу кезіндегі жолдың негізін суару және таптаудың сапасына байланысты. Одан кейін пайдаланып жатқан қиыршық тастың проектіге сай келуі, содан кейін айналма салынған қосымша жолдардың суарылуы. Тасып жатқан жүк көліктерінің қоршаған ортаға әсері. Осы сұрақтар бойынша «ҚазАвтоЖол» өкіліне бірнеше сұрақ қойып, ескертпелерімізді бердік.