Алматылық «Ұмай» жастар тобы Iz деп аталатын компьютерлік ойын жасап жатыр.
Шытырман оқиғаға толы ойынды 5 адам әзірлеуде. Барлығы жоғары білімді IT саласының мамандары. Жастар тап осы жоба арқылы Қазақстанды әлем халқына жетік таныстыруды мақсат еткен. Жобаның басты кейіпкері –Баян. Оның Мақпал есімді сіңлісі бар. Сол кішкентай қызды белгісіз бір құбыжық ұрлап кетеді. Ал Баян сіңлісінің ізіне түсем деп түрлі қиындықтарға тап болады. Ойынның Iz деп аталуы да содан. Желісі түркі мифологиясы мен жауынгерлік дағдыға негізделген. Бұл жерде қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінінің Мыстан кемпір, Жезтырнақ, Шимұрын сияқты кейіпкерлері де кездеседі. Соларды үркіту үшін шаңқобызды қолданған.
Назым Жұмабаева, дизайнер:
- Мақсатымыз – топ ретінде әлемге қазақ мифтері туралы, қазақ мәдениеті туралы ойын арқылы көрсету. Ойынның демоверсиясын жасап жатырмыз. Қазір біз стим платформасына салуға дайындап жатырмыз. Сол қыркүйек, қазан айында болады. Біздің ойындарымызды әртүрлі жастағылар ойнай береді десек те болады.