43 жастағы Орынкүл Нұрабаеваның ұлдарына Аслан, Әлихан және Алинұр есімдері берілді.
Шымкентте орналасқан облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері ана мен балалардың денсаулығы жақсы екенін айтады. Шардара ауданынан шұғыл жағдайда жеткізілгендіктен қажетті ем-домнан соң кесар тілігі жасалған. Жүктіліктің ерекшелегіне қарамастан күрделі операция сәтті өтті. Сәбилердің салмағы 2 келіден, бойлары 47 сантиметрден асады. Қуанышқа кенелген отбасы мүшелері алғысын білдіріп, үйіне шықты.
Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысында 285 егіз, 2 үшем дүние есігін ашқан. Жалпы 26 мыңнан астам сәби өмірге келді.
Гүлмира Жұмаханқызы, облыстық №1 перинаталдық орталығының дәрігері:
- Консилиум болып операциялық жолмен босандыру шешіміне келіп, операция жасағанбыз. Жағдайлары жақсы. Анасының да, үш баланың да жағдайы жақсы. Бүгін шығуға дайын.
Орынкүл Нұрабаева, көпбалалы ана:
- Кесарево болмағанмын. 8 баланы өзім босанғанмын. Сосын басында сәл қорқыныш болды. Мейірбикелердің арқасында үшемді дүниеге келтіріп алдық. Жақсы қазір бәрі. Кеше барлық тексеруден өткіздік. «Барлығының денсаулығы жақсы», - деді.