«Қордай» бекетінде жолаушылар ағыны төрт есе артты

  • 8
  • 14.08.2025, 18:45

«Қордай» бекетінен өтетін жолаушы ағыны 4 есе, ал көлік саны 2,7 есе артты. Қырғыз елімен шекарадағы тексеру аймағы қайта жаңғыртылды. Енді мұнда 8 көлік жолағы мен төлқұжат тексеретін 40 кабина жұмыс істейді. Сонымен қатар «Қарасу» пунктінде де жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл бекеттен өтетін көлік санын тәулігіне 700-ден 2 мыға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүк ағыны мен көлік қозғалысын жақсарту үшін де жағдай жасалмақ.

Премьер-министр Жамбыл облысына жұмыс сапармен барып, шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын тексерді. Ол Көлік министрі мен Шекара қызметіне жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындап, құжат рәсімдеуде цифрлық технологияларды енгізуді тапсырды.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарада 39 автокөлік өткізу пункті бар. Олардың екеуінде жөндеу аяқталды. Ал он бекетте жаңғырту жұмыстары басталды.

Қуат Кенжебаев, Қордай шекаралық бақылау бөлімі бастығының орынбасары, майор:

- Бүгінгі таңда қосымша автоматтандырылған құжат тексеру жүйесі кіру және шығу залдарында орнатылған. Мемлекеттік шекарадан бүгінгі таңда 20 мыңнан 40 мыңға дейін тұлғалар өткізіледі. Көлік құралдарының саны 3 мыңнан 4 мыңға дейін өткізіледі. Көлік құралдары, тауарлар, заттарды оңтайлы тексеру мақсатында инспекциялық тексеру кешені орнатылған.