Қазақстанның басым бөлігінде егін жинау науқаны басталды. Бүгінге дейін еліміздің 12 өңірінде 1,6 млн тонна астық бастырылған. Сонымен қатар 17,4 мың тонна майлы дақылдар, 363 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналыпты. Диқандар ел бойынша жаппай егін жинау науқанына тамыздың жиырмасынан кейін кіріседі. Ресурстармен және техниканың дайындығы 93% деп бағалануда. Жоспар бойынша күзгі дала жұмыстарына 139 мың трактор, 31 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың шапқыш және 130 мың басқа да арнайы техника тартылады. Айта кетейік, өңірлердегі егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна дизель отыны бөлініпті. Жанармайдың бір литрі 254 теңгеден. Бұл нарықтық бағадан 18-20% арзан.