Каспий теңізі тартылып барады

  • 12
  • 15.08.2025, 18:45

2006 жылдан бері су деңгейі 2 метрге төмендеген. Ал кейбір аймақта теңіз жағалауының сызығы 50 шақырымға шегінді. Астанада бас қосқан табиғат жанашыларлары бұл құбылысты экологиялық апатқа теңеп отыр. Олар: «Жағдай өзгермесе, келешекте теңіз аумағының төрттен бірі шөлге айналуы мүмкін», дейді. Бұл өз кезегінде теңіздің флорасы мен фаунасына зиянын келтіреді. Қазірдің өзінде Каспийде бекіре тұқымдас балықтар мен итбалықтар азайып барады. Мәселені ушықтырмай, биоалуандылықты сақтау үшін, сарапшылар теңізді ластайтын кәсіпорындарға бақылауды күшейтуге шақырады. 

Вадим Ни, эколог:

-Каспий жағалауындағы бес ел бір үстел басына жиналып, мәселені біріге шешсе екен дейміз. Алдымен бақылауды қатаңдатудан бастау керек тәрізді. Өйткені бүгінде мемлекеттік органдардың бақылау мүмкіндігі шектеулі. Тіпті қолжетімді жерлердегі кәсіпорындар толық тексерілмейді. Ал теңіздің үстіндегі ластаушыларға мүлде жете алмай отырмыз.