Шымкентте теміржол өткелдері жаңа технологиямен салынып жатыр

  • 11
  • 15.08.2025, 19:55

Шымкентте теміржол өткелдерінің құрылысына озық технологиялық шешімдерді енгізу ұсынылды. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы құрылыс мерзімі қысқарып, бюджет қаражаты үнемделеді. «Өңірде жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы осылай»,– дейді. Ол Момынов және Тіленшин атындағы көшелердің бойында мердігер компаниялардың өкілімен кездесті. Ірі жобаның құрылыс барысымен танысып, жұмысты уақытылы аяқтаудың маңыздылығына тоқталды. Мұнда пойыздың жүру жиілігіне байланысты көлік қозғалысы қиын. Мәселені шешу үшін екіжолақты жол жиегі 15 метрге кеңейтіліп жатыр. 

Болатбек Нажметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:   

- Халықтың тығыз орналасуына, көліктердің көбеюіне байланысты мына жерден көлік жүру мәселесі өте қиындап кеткен. Бұл жерден тек қана Сайрам елді мекеніне бармайды. Төле би ауданы мен басқа да аудандарға шығатын өте керекті инфрақұрылымдық жоба. Құрылыс сапасы жақсы. Бірақ ендігі жобаларда жаңа шешімдерді пайдалану керек. Жаңа, арзан және тиімді.