Қостанайда мүлік иелері бірлестігін құру неге кенже қалып отыр?

  • 12
  • 15.08.2025, 18:52

Қостанайда 1400 көпқабатты үйдің тек 300-і ғана мүлік иелері бірлестігіне өткен. Өңірде тұрғын үйді басқарудың бұл формасына көшу жұмысы баяу жүріп жатыр. Бұл туралы «Билік. Халық. Ынтымақ» деген тақырыпта өткен аймақтық конференцияда айтылды. Мүлік иелері бірлестігін құрудың артықшылығы көп екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Бірінші кезекте көппәтерлі үйлердегі ортақ мүлікке тұрғындар өздері иелік етеді. Қаржыны да қайда, қалай жұмсарын өздері шешеді. Алайда көбінесе әкімшілік үй маңайындағы жерді ортақ мүлік ретінде кондоминиумға енгізуді созбаққа салып жібереді. «Халық арасында түсіндіру жұмыстары да дұрыс жүргізілмейді»,– дейді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев.

Нұрлан Әуесбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Кондоминимумды тездету керек еді. Осы тұстарда осы Қостанай қаласында белгілі дәрежеде кемшіліктер бар. Өте баяу жүріп жатыр. Баяу болғанда мынандай ғой, мұны халыққа түсіндіру керек. Қай жерде жіңішке, үзілейін деп тұрған жерлермен айналысып, жұмыс жасау керек те, паралельно халыққа түсіндіру керек. Халық түсінсе, өзі атқарады.