Мемлекеттік қызметкерлер AITU ұлттық мессенджеріне көше бастады

  • 13
  • 18.08.2025, 18:40

15 қыркүейкке дейін мемлекеттік орган қызметкерлері AITU ұлттық мессенджеріне көшуі тиіс. Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен цифрлық штаб отырысында осындай шешім қабылданды.

Мессенджер пилоттық жоба ретінде алдымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде сыналды. Енді аталған қызмет мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының барлығына енгізіледі. Сондай-ақ жиында жасанды интеллект деректер массивтерімен жұмыс істеу ережесі және оны жүзеге асыру жоспары бекітілді. 

Жаслан Мәдиев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Бүгін біз мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктірудің кешенді жоспарын бекіттік. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, квазимемлекеттік секторға барлық деректерді SmartData Үкімет платформасына беруді тапсырдық.