Алматыда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі талқыланды

  • 12
  • 19.08.2025, 18:39

Азаматтардың құқықтарын қорғауда мемлекет пен қоғамдық ұйымдар бірлесе әрекет ету керек. Бүгін Алматыда әкімдік өкілдері, қалалық полиция мен Әділет департаментінің мамандары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен заңгерлер бас қосып, өзара әрекет ету механизмдерін талқылады. «Көп жағдайда азаматтар құқықтық сауаттылығының жоқтығынан заңсыздыққа жол беріп жатады»,– дейді мамандар. Құқықтық сауаттылықты арттыру үшін Әділет министрлігі ақпараттық технологияларға ден қойып отыр. Смартфон болса толғандырған талай сұраққа жауап алуға болады. 

Шынар Әбзелбек, қалалық Әділет департаментінің арнайы өкілі:

-Әділет министрлігі чат-ботты іске қосқан болатын. Чат-бот дегеніміз жасанды интеллект, 24/7 тегін қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы бірден бір көмек деп айтқым келеді.