Таразда 108 көшеге асфальт төселіп жатыр. Олардың басым көпшілігінде бұрын-соңды тас жол болмаған. Балақтан батпақ кешкен жұрттың мәселесі шешіліп жатыр. Жалпы соңғы 3 жылда облыс орталығында 420 көше жөнделген.
Мырзабай Байболатов 30 жыл бұрын Қант зауыты алабына көшіп келген. «Сол жылдары бұл аумақта бірнеше негізігі көшеде ғана асфальт болды»,– дейді. Жұрт қара жолмен біраз жыл жүрді. Әйтсе де соңғы 3 жылда тұрғын үй алабындағы 80 көше мен бұрылыстың 80% жөнделді.
Мырзабай Байболатов, қала тұрғыны:
-Бұрын көше жаман болған. Машина да батпақ аяғымыз да батпақ үйге зорға жететінбіз. Қазір тап-таза. Қалада тұрғандай болып қалдық. Ешкім қарамайтын. Мынау Казпоселокқа. Қазір оның іші де асфальт, мынау Сахарзаводта асфальт. Барлық жерде асфальт жасап жатыр.
Бұған дейін Тектұрмас тұрғын үй алабындағы бірде-бір көшеде тас жол болмаған. Биыл барлық көшесіне асфальт салынды. Жалпы Таразда жол саласына 4,3 миллиард теңге бөлініп 26 жоба жүзеге асуда. Биыл 108 көше мен бұрылыстары тақтайдай тегіс болады. Жауаптылар қала шетіндегі шағын аудандарға басымдық беріп отыр.
Дамир Айманов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:
-75 көшесі мүлдем асфальт көрмеген көшелер. Оның ішінде осы Тектұрмас алабы, Қызылабад, Сахзаводтағы біраз көшелер бар. Су жүргізіліп қойған сол көшелердің барлығына асфальт төселді. Енді бірен саран су жүргізілмеген көшелер бао. Су жүргізіліп біткеннен кейін асфальт салу жұмыстарын ол жақта да жоспарлаймыз.
Облыс орталығында жолмен қоса бірнеше көпір салынып жатыр. Солардың бірі Ұлы дала шағын ауданында қолданысқа беріледі. Қапал каналының үстіндегі өткел, көлік қозғалысын жандандырып жаяу жүргішілер үшін тиімді болып отыр.
Шарапат Сайлаубаева, қала тұрғыны:
-Мына көпірдің салынған пайдасы тұрғындарға бәріміздің қуанып жатқанымыз, мынау Киров базарына бару оңай болып қалды. Оған 15 минутта баруға болады. Бірақ бұрын айналма жолмен баратынбыз. Базардың аты базар арзандап аласың, қалағаныңша аласың. Ақшаңа қарап аласың, мысалы. Сол үшін өте қуанып жатырмыз. Көпірдің салынғаны өте жақсы болды.
Бүгінде шаһарға қарайтын 20 саяжайдағы 100 көшеге шағылтас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы биыл облыс бойынша жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге 28 млрд тг бөлінді.
Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә