Жетісу облысында жылу беру маусымына ₸14 млрд-тан аса қаражат бөлінді

  • 98
  • 20.08.2025, 18:44

Жетісу облысында алдағы жылу беру маусымына 14 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген. Осы қаржы есебінен 16 шақырым құбыр ауыстырылып, қазандықтардағы 35 пеш жөнделіп жатыр. Әсіресе қаладағы нысандардың 70% жылытатын Басқуаттағы екі пеш толықтай жаңартылады. Сағатына 210 гигакалорий жылу өндірілетін мекеменің жүктемесін азайту үшін Талдықорғанда бір жаңа қазандық салынып жатыр. Сонымен қатар газ трубиналы станция құрылысы қолға алынған. Инвестициялық жоба үш кезеңде іске қосылады. 

Станислав Долгалев, компания өкілі: 

- Екінші кезеңі жыл соңына таман жұмыс істей бастайды. Сол кезде 35 мегаватт электр тоғы және 25 гекалорий жылу алынады. Үшінші кезеңін келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр. 

Айдос Бекетаев, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы: 

- Былтыр қараша айында басталған болатын. 2026 жылы аяқталады. Қазіргі таңда 50% жұмыстар аяқталды. Ол бізде орталық бас котельныйды жүктемесін 20% азаятын болады. Біз оған жаңа ықшам аудандарды қосатын боламыз.