Конституциялық Сот құрылғалы оның жұмысына 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Басым бөлігі қылмыстық, қылмыстық-атқару, әкімшілік, салық, азаматтық, жер және әлеуметтік кодекстердің нормаларына қатысты. Оларды қарау қорытындысына талдау жасаймыз. Сондай-ақ біздің түсірілім тобы қоғамның құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша сарапшылардың зерттеуімен танысты. Толығырақ келесі материалда.
Конституциялық Сот қайта құрылғаннан бастап азаматтар оған тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Ол 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ресми түрде жұмысын бастады. Сол жылы жаңа мемлекеттік органға 5 300 өтініш түсіпті. Былтыр бұл сан 3700 биылдың өзінде 2700 жетіпті. Осы уақытқа дейін 400 астам қаулы қабылданған.
Әсет Балғынтаев, ҚР Конституциялық сотының талдаушысы:
- Оның 73 қорытынды шешім. 65-і азаматтардың өтініші бойынша. Қалған 8-і мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша қабылданған қаулылар. Жалпы азаматтардан түсетін өтініштердің көбі келесідей заң актілеріне қатысты болды. Қылмыстық, қылмыстық атқару кодексі, азаматтық кодекс секілді негізгі заң актілерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініштер болды.
Конституциялық сот өтініштерді қарау нәтижесінде 65 құқықтық норманы Ата Заңға сәйкес келеді деп тауыпты. Ал 20 норманың Конституцияға сәйкес келмейтіндігі анықталған. Қазір бұл құқықтық шешімдер заңнамаға белсенді енгізілуде. Айтпақшы заңдық реформаларадан кейін елімізде қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру, оны бағалау бағытында да жоспарлы жұмыстар жүргізілген болатын. Оның тиімділігі қандай? Мамандар мұныда зерттепті.
Риззат Тасым, Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы:
- Тәртіп деген түсінікті халықтың 70 пайызға жуығы барлық азаматтардың алдындағы теңдігі ретінде қабылдайды екен. Сондықтан біріншіден, азаматтардың құқықтық сауаттылығы артқандығын көріп отырмыз. Ең бастысы, әділеттілік прицпіне деген сұраныс өте жоғары.
Енді Конституция жайлы қызық деректерге тоқтала кетсек. Ата Заң жобасын әзірлеу кезінде 18 түрлі нұсқа дайындалыпты. Ал құқықтанушылар 20 мемлекеттің заңын зерттген екен. Қазір құжаттағы ең үлкені – «Адам және азамат» бөлімі. Ол 30 баптан тұрады. Көлемі жағынан ең үлкені 61-ші бап. Ең көп қолданылған сөз – республика. Ол 354 рет кездеседі.
Ердәулет Ыбырайұлы, Самат Оспанов, Аманжол Байғазин