Үкімет сирек металдар саласын дамыту бойынша кеңес өткізді

  • 159
  • 21.08.2025, 18:34

Бүгінде елімізде бериллий, тантал, титан, осмий сынды бірқатар сирек металдар өндіріледі. Сондай-ақ галлий мен индий алу технологиялары бар. Бұдан өзге, кең ауқымды геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстанда мұндай металдарды өндіру көрсеткіші 2,4 пайыз шамасында. Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында салаға озық технологиялар мен инвестиция тарту жөнінде міндет қойған болатын. Жиын қортындысы бойынша Премьер-министр жер қойнауын терең зерттеуге, минералдық түзілімдерді есепке алу, аккумуляторлар мен оны қайта өңдеуге арналған материалдар өндірісін дамытуға, ыстыққа төзімді никель қорытпаларын өндіруге күш салуды тапсырды.