Жанар-жағармай жеткілікті – Үкімет

  • 46
  • 21.08.2025, 08:43

Үкіметте жанар-жағармай нарығындағы жағдай сөз болды. Әсіресе ішкі қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және шекара маңындағы облыстарда мұнай өнімдерінің айналымына бақылауды күшейту мәселесі қаралды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өткізген жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі өкілдері де қатысты. Белгілі болғандай, жағдай тұрақты, отын қоры жеткілікті. Кеңес қорытындысында жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берілді. Мәселе Үкіметтің бақылауына алынған.