Шымкенттегі зауыттарда кадр тапшы

  • 45
  • 21.08.2025, 18:42

Шымкенттегі зауыт, фабрикаларда кадр тапшы. Кәсіпорын басшылары: «Жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға деген құштарлығы төмен», - дейді. Мәселені шешу үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі көбейтіліп, дуалды оқыту жүйесі де енгізілген. Алайда өндірісте жас мамандар көп тұрақтай бермейтін көрінеді.

Аймақта жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаевқа электр жүйесіне қатысты тарифті қайта қарау мәселесі де жеткізді. Сондай-ақ кәсіпкерлер халықаралық жүк тасымалын жандандыру қажеттігін айтты.

Ержан Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Кәсіпкерлерде қандай мәселелер бар? Оны заңмен қалай ретке келтіруге болады? Үкіметке қандай ұсыныстар жасауға болады? Осы мәселелердің бәрін жинақтап, депутаттық сауал ретінде өз ұсынысымызды үкіметке жеткізу.