Коммуналдық желілерді жаңғыртуға ₸1 трлн тартылады

  • 43
  • 25.08.2025, 18:43

Келер жылы коммуналдық желілерді жаңғыртуға шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің комитет төрағасы брифингте баяндады.

Қаражат тариф пен бюджет, кәсіпорын, екінші деңгейлі банктер мен халықаралық ұйымдар есебінен жұмсалады. Оған 10 мың шақырымға жуық желіні жөндеу және 46 мыңнан астам жабдықты ауыстыру жоспарланып отыр. Ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілерді қолдауға басымдық беріледі.

Тимур Қосымбаев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы:

- 2 786 тауар бойынша талдау жүргізіліп, 669 мердігер анықталды. Сондай-ақ қосымша сұранысты қамтамасыз ету үшін 220 отандық тауар өндірушінің пулы жасақталды. Бұл өз кезегінде импортқа тәуелділікті азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.