Шымкентте 9 мыңға жуық балаға қаржылай көмек беріледі

  • 38
  • 25.08.2025, 18:44

Шымкентте Конституция күніне орай мүгедектігі бар балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға бірреттік әлеуметтік төлем тағайындалды.

Жергілікті мәслихаттың шешімімен оларға 5 айлық есептік көрсеткіштен 20 айлық мөлшерге дейін қаржылай көмек беріледі. Бұл санаттағы азаматтардың тізімі бірыңғай базадан жинақталып, қаражат олардың ата-анасына немесе заңды өкілінің есепшотына автоматты түрде аударыла бастайды. Жалпы 9 мыңға жуық балаға қолдау көрсетіледі. Салаға жауаптылар қалаға қоныс аударған немесе басқа өңірге уақытша тұрақтаған азаматтардан өз тіркеуін тексеру ұсынылды. 

Сәрсен Құранбек, қала әкімдігінің ресми өкілі:

- Уақытша басқа жерге қоныс аударған болса, мұндай бірреттік төлем берілмейді. Сондықтан Азаматтарға арналған Үкімет немесе «eGov.kz» ақпараттық порталы арқылы міндетті түрде тексеріп алуы қажет.