Елдегі ең биік көпір құрылысында геологиялық қате анықталды

  • 22
  • 28.08.2025, 18:43

Елдегі ең биік көпір құрылысын жобалау кезінде геологиялық зерттеулерден қате кеткен. Салдарынан құрылыс жұмыстары екі айдан астам баяулап қалды. Мердігер қосымша жұмыс күшін тартып, кемшілікті жойдық деп отыр. Бұл көпір «Өскемен-Алтай-Қатонқарағай» бағытын қамтиды. Қауіпті серпантинді айналып өтетін жолдың ең күрделі бөлігі. 

«Өскемен-Алтай-Қатонқарағай» бағытындағы жол құрылысы облыстағы  ұзаққа созылған жобалардың бірі. 9 жыл бұрын басталып, қағазбастылық салдарынан тоқтап, осыдан 2 жыл бұрын қайта жанданды. Қазір ең қиын бөлігі еңсерілді.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Еліміздегі күрделі инфрақұрылымдардың бірі мына мен тұрған жақпен анау тау арасын жалғайтын көпір салынып жатыр. Ұзындығы 175, ал биіктігі 42 метр болатын өткел Пихтовка өзенінен үстімен өтеді. Осының алдында келгенде ғана жерді дайындау жұмыстары жүріп жатқан еді, енді мінеки, алғашқы тіреушітер де қойыла бастапты,.

«Дәл осы сарқыраған тау өзенінің үстімен өтетін өткелді жобалау кезінде геологиялық зерттеулер дұрыс жасалмаған дейді», - мердігер. Топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығы ескерілмеген. Салдарынан жаңадан салынған құбырдан ақау шыққан.

Саяхат Мұсапыров, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының бөлім басшысы:

- Екі бұзушылық анықталды. Жаңадан салынып жатқан құбырдың отырып кетуі анықталды, қазір енді мердігерлер мен бұл құбыр қайта салынды.

Салғырттық көпір құрылысын 2,5 айға баяулатты. Дегенмен қазір қосымша бригада жұмылдырылып, тау ішіндегі жұмыс жанданды.

Александр Андрейчук, мердігер ұйым директоры:

- Геологиялық барлаудың дұрыс жүргізілмеуі шаруаны 2,5 айға кешеуілдетті. Дегенмен амалын тауып қосымша бригада жалдап  құрылысты тоқтатпай, жеделдетіп жатырмыз. Жалпы бұл инфрақұрылымды салу оңай емес. Осыдан екі жыл бұрын кіріскен едік. Қазіргі қарқынымыз жаман емес.

Тапсырыс беруші тарап: «Қаражат жетіспеушілігі жоқ, сондықтан бұл іс межелі уақытында аяқталу керек», - дейді. Қатты боранда жиі жабылып қалатын бұл учаске жолаушылар үшін аса маңызды.

Алтай Сәркен, «ҚазАвтоЖол» ҰК ШҚО филиалы директорының орынбасары:

- Мердігерге биылғы жылға толқытай бітіріп, мостпен жүруді ашуды талап етіп отырмыз. Осы Осинов өткелі осы күнеге дейін үнемі жабылып келген еді, енді көпірді бітірген жағдайда онымен жүріп өтуге ешқандай шектеу қойлымайды деп үміттенеміз.

Көпір құрылысының 40 проценті бітті. Жолдың басқа учаскелерінде асфальт төселіп жатыр. Күн райы кедергі келтірмесе, құрылысшылар: «жобаны жыл соңына дейін толық аяқтаймыз», - деп сендірді.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов