Астанада кеншілер марапатталды

  • 11
  • 28.08.2025, 18:42

Шахтер күні қарсаңында Президенттің атынан сала мамандары мен көмір өнеркәсібінің бірқатар ардагеріне мемлекеттік наградалар табысталды.

Премьер-министр «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кеншілер еңбегіне ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Бүгінде еліміздегі кен орындарына өндірістік қауіп-қатерлерге қарсы цифрлық жүйелер орнатылуда. Мәселен, пилотсыз техника, қашықтан басқару және жерасты радиобайланысын енгізуді айтуға болады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан минералдық ресурстардың қоры бойынша әлемдік ондыққа кіреді. Салада 145 мыңнан аса адам еңбек етеді. Соның 32 мыңы - көмір өнеркәсібінде. 

Ербол Есетов, Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі:

- Тау-кен өнеркәсібіне жұмысқа 96 жылы тұрғанмын. Міне, 28 жыл жұмыс істеймін. Бүгін еңбегіміз еленіп, жоғары марапат алып жатқанымызға алғысымды айтамын. Кәсіби мерекеміз құтты болсын! Қуанышты күндеріміз көп болсын!