Мәжілісмендер заңсыз құрылыс мәселесін көтерді

  • 11
  • 03.09.2025, 19:33

Мәжілісмендер сондай-ақ заңсыз құрылыс мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы мен өзге де құзырлы органдарға депутаттық сауал жолдады. Мәселен, Бақытжан Базарбек жаз айларында мемлекеттік органдармен бірге Алматының бірнеше ауданында тексеріс жүргізгенін айтты. Нәтижесінде таулы жоталардың заңсыз қырқылғаны, өзендер мен табиғи сайлардың көміліп жатқаны анықталған. Осылайша Алматының жоғарғы бөлігінде болашақ элиталық таунхаустар мен коттедждер салу үшін орын дайындалуда. Мәжілісмен сонымен бірге рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне назар аударды.

Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл мәселені жеке өзім Парламентте үш рет көтердім. Әділет министрлігі  мен мемлекеттік сот орындаушыларының не себепті әрекетсіз отырғаны белгісіз. Әрбір жағдайды жіті тексеріп, бұған лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысы бар-жоғын анықтауымыз қажет.