Елде жастарды әскерге шақыру тәртібі өзгереді

  • 26
  • 02.09.2025, 19:45

Елде жастарды әскер қатарына шақыру ісі оңтайландырылды. Енді хабарлама SMS және e-Gov порталы арқылы жіберіледі. Атап айтқанда, ақпарат жеке кабинетке орналастырылады. Қағаз нұсқадағы шақыру да қолданыстан алынбайды. Азаматты әскери есепке қою немесе одан босату да автоматты түрде жасалады. Жалпы кешеден бері елде әскер қатарына шақыру науқаны жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 22 мыңға жуық жас сарбаз қатарына алынады. Ел аумағында 195 қалалық және аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр. Ал әскерге барудан жалтарғандар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Фархат Айдарбаев, ҚР Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары:

-Әскерге бас салып әкету, күштеп әкету бұл әрине заңға қайшы келеді. Қазргі таңда SMS арқылы азаматтардың әрқайсысына өздеріне тікелей хабарлама беріп, егер де телефондары, жеке кабинеттерінде тіркелмеген болса, бұрыңғы қағаз түрінде қалдырып, ол тұрғылықты жерінде немесе жұмыс жасайтын орындарына соған беруге мүдделіміз.