Соңғы уақытта еліміздің жастары жұмысшы мамандықтарын таңдап жатыр. Қазір дәнекерлеуші, құрылысшы, сантехник, механик және инженерлік желілерді монтаждаушыларға сұраныс жоғары. Биыл Алматы құрылыс-техникалық колледжіне 450 талапкер қабылданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% көп. Бүгінде колледж базасында Құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді. Онда жұмысшы мамандықтары бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары жүзеге асырылады. 2025 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғандықтан, колледж кәсіпорындармен белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр.
Бектұрған Сұлтанғалиұлы, колледж директоры:
-Архитектура мамандығын аштық. Көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсету мамандығын Қазақстанда алғашқылардың бірі болып біз аштық. Қазір міне бұйырса биылдан бастап біздің түлектер үлкен құрылыс компанияларында көпқабатты ғимараттарға, тұрғын үйлерге қызмет көрсетеді.