Үлескерлердің қаражатына салынған құрылыс қадағаланады

  • 70
  • 03.09.2025, 19:41

Бұдан былай үлескерлер қаражатына тұрғын үй салатын компаниялардың ісі қадағаланады. Қаржыны заңды жолмен тарту үшін бірыңғай оператордың кепілдігін алу талабы жеңілдеп отыр. Бұл үлескердің құқығын қорғаудың мемлекеттік тетігі.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы жүзеге асырылады және құрылыс салушының дефолтты жағдайында нысанның аяқталуын қамтамасыз етеді. Ұйым әр жобаға қатысты техникалық, қаржылық және заңдық сараптама жүргізеді. Сондай-ақ тәуекел мен қаржыландыру құрылымына талдау жүргізеді. Бүгінде елдің бірқатар өңірінде үлескердің қаржысын тартқан ондаған компания бар.

Руслан Лепесов, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры:

- Қазіргі таңда республика бойынша 41 проблемалық объект бар. Жалпы үлескер саны 4 мың адам. Бізде жол картасы бар. Біз 2026 жылы бүкіл проблемалық объектіні аяқтаймыз.