Биыл 6 айда елдегі ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,7 пайыз артып, 2,4 трлн теңгеге жуықтады. Ет өндірісі 2 пайыз, сүт өндіру көлемі 6,5 пайыз артқан.
Мал мен құс саны да тұрақты көбейіп жатыр. Мәселен, сиыр 9 миллион басқа жуықтады. Жылқы, түйе саны да өскен. Алайда қой басы 3,7 процент кемігені байқалады. Экспорттық әлеует те нығайып келеді. Биыл сиыр еті экспорты 2,5 есе, қой еті 2,6 есе өскен.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Мұнда да несие таза 5%-бен беріледі. Қаржыландыру көлемі 50 млрд теңге. Ал биыл өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын жеңілдетілген несиелеу бағытына 44 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар фермерлердің кепілге қолжетімділігі мәселесін шешу үшін несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.