Депутаттар Алматыдағы кептеліс мәселесін шешуді ұсынды

  • 15
  • 03.09.2025, 19:59

Алматының мәслихат депутаттары көлік кептелісін азайтудың жолын ұсынып отыр. «Әуелі студенттердің сабақ уақытын жылжыту қажет», - дейді. Сондай-ақ кейбір мекемелерде ішінара онлайн жұмыс енгізілсе деген бастама көтеруде.

Қыркүйек келсе көлік жүргізушілерінен маза кетеді. Жаз айларында сәл де болса еркін жүйткіген автомобильдер күзде кібіртіктеп қалады. Себебі мыңдаған студент оқуға оралады. Баласын мектепке тасыған ата-аналар жолға шығады. Жолайырықтар, автобус жолақтары мәселені түбегейлі шешер емес. Ал көлік көбейіп барады. Мәслихат депутаттары: «Тығырықтан шығудың бір амалы – оқушыларды мектеп автобусымен тасымалдауды күшейту керек», - дейді. 

Дулат Тастекей, қалалық мәслихат депутаты:

- Бір автобустың ішіне 30 оқушы сиятын болса, онда мүмкін сол 30 баланың барлығы көлікпен келмесе де ішіндегі 20 көлік таңертең көлік кептелісінде болмайды деген сөз. Ол үшін ата-аналардың да, оқушылардың да психологиясын аздап өзгертуге тырысуымыз керек.

Ал колледж бен университеттегі сабақ уақытын өзгерткен жөн. «Себебі көптеген оқу орындарында сабақ түске дейін ғана болады», - дейді депутаттар. Басталатын сағатын әртүрлі қылып қойса, жастардың легін де реттеуге болады.  

Блиц-сауалнама:

- Сағат 10-да, 9-да болса күшті болады. Өйткені бізде көп студенттер осы қаланың шетінде тұрады. 

- Менің сабағым түсте және таңертең басталады. Бірақ маған таңертең оқыған ұнайды. 

- Өзім түсте, түске таман оқығанды таңдаймын. Себебі таңертең маған жолдын уақытын санап, дайындалғанға 2-3 сағаттан көп уақыт кетеді. 

Депутаттар мекемелердің жұмыс уақытын 1-2 сағатқа ілгері немесе кейін жылжыту да көлік ағынына едәуір әсер етеді деп есептейді.

Аршын Кемелжан, тілші:

- Мәслихат депутаттары айтқан ұсыныстың бірі – қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру. Әрине, толықтай онлайн формат емес. «Аптаның екі күнінде үйде отырып жұмыс істесе», - дейді. Бірақ кәсіпорынның жұмыс өнімділігін де ескеру керек. 

Кептелісті шешу мәселесі Алматының Даму жоспарында да қамтылған. 

Дулат Тастекей, қалалық мәслихат депутаты:

- Алматы моноцентрлік, яғни орталықтың бір жерде топтасқан, мүмкіндіктердің бір жерде топтасқан бағытынан 5-6 әртүрлі халыққа беретін қызметтері бар, жақсы мектептері бар, жақсы емханалары, ауруханалары бар полицентрлік жүйеге Алматы негізінде көшіп жатыр. 

Ал тәуелсіз сарапшы Диас: «Ұсынысы кептелісті уақытша ғана азайтады», - дейді. Мәселені түбегейлі шешу үшін баламалы Маратұлы депутаттардың көлікке ден қою қажет. 

Диас Маратұлы, тәуелсіз сарапшы:

- Көптеген әлемдік қалаларда енгізілген. Ол қоғамдық көлікке, велосипед, самокат сияқты альтерниативті көлік түрлеріне жағдай жасау. Ал жеке көліктің қолдану жағдайын қиындату. Сол кезде ол қандай шешімдер, бізде әйгілі шешім Тимирязев көшесі. Бәріміз білеміз, Тимирязев көшесінде автобуспен жеке көлікке қарағанда жылдамырақ жүруге болады. 

Депутаттар мен сарапшылардың айтып отырғаны әзірге ұсыныс қана. Оны жүзеге асыру үшін тұрғындар мен әкімдік тарапынан қолдау керек. 

Аршын Кемелжан, Мұхит Құдықбаев