Моңғолия еліміздегі заң шығару ісіне қызығушылық танытты

  • 15
  • 04.09.2025, 19:40

Моңғолия еліміздегі заң шығару ісіне қызғушылық танытты. Нақтысында цифрландыру, жасанды интеллекті, экология және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту бойынша тәжірибе алмасуға мүдделі. Бұл туралы елге ресми сапармен келген Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы мәлім етті. Дашзэгвийн Амарбаясгаланды Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов әуежайдан қарсы алып, тараптар парламентаралық байланысты нығайту жайын талқылады. Арада ынтымақ туралы меморандумға қол қойылды. Осылайша екі жақ сан-салада жәрдем көрсетуге міндет алды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан мен Қобда аймағы арасында бауырластық қатынас орнату келісімі де бекітілді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

-Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға былтырғы мемлекеттік сапары өте нәтижелі болды. Бүгін біз қол қоятын парламенттеріміз арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум әріптестігімізді жаңа белеске көтереді деп сенемін.