Буллинг үшін айыппұл салынады

  • 10
  • 04.09.2025, 19:46

Елдегі мектептер мен колледждерде буллинг үшін жаза күшейді. Енді әлімжеттік көрсеткен баланың ата-анасы 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Егер жағдай қайталанса, айыппұл көлемі 30 айлық есептік көрсеткішке яғни 117 мың 960 теңгеге дейін өседі. Білім беру мекемелерінде «ДосболLIKE» атты антибуллинг бағдарламасы енгізілді. Сондай-ақ аптасына бір рет жеке қауіпсіздік сабағы өтеді. Балалар интернеттегі қауіпсіздік ережесін, алаяқтан қорғануды, төтенше жағдай кезінде әрекет етуді үйренеді. Одан бөлек, оқушылар өз құқығының бұзылғаны туралы 111 жедел байланыс орталығы арқылы хабар бере алады.