Елде G2C форматындағы цифрлық қызметі енгізіліп жатыр. Бұл мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетіп, ашық әрі қолжетімді етеді. жарым миллион қызмет түрі қамтылған телемедицина сервисі қашықтан кеңес беруге және диагностика жасауға мүмкіндік берді. 1 Электронды медициналық анықтамалар мен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын цифрлық форматқа толық көшіру көлеңкелі экономиканы 7,5 млрд теңгеге қысқартып, жүйенің ашықтығын қамтамасыз етті. Балабақша мен мектепке қабылдау да цифрлық форматқа көшті. Ұлттық бірыңғай тестілеудің электронды сертификатын енгізу нәтижесінде 83 млн теңге үнемделді. Ал азаматтардың шығыны 300 млн теңгеден астам сомаға қысқарды.