Өскемендегі автокөлік көпірлеріне техникалық тексеріс өткізіледі. Жедел штаб құрылып, мамандар жұмысқа кірісіп кетті. Сонымен қатар көлік ағынын азайту мақсатында Ертістің үстінен өтетін тағы бір көпір салу мәселесі қаралып жатыр.
Өскемендегі Үлбінің үстінен өтетін көпірдің бір бөлігі жақында опырылып түсті. Көлік қозғалысы дереу шектеліп, жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Себебі өндірісті аймақты облыс орталығымен жалғайтын көпірден тәулігіне 8 мың автокөлік жүретін. Бұл қаладағы көлік ағынының шамамен 10%. Былтыр ғана 600 млн теңгеге жөндеуден өткен нысанның неліктен жауын-шашынға шыдас бермегенін арнайы комиссия анықтап жатыр.
Владимир Ермоленко, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ доценті:-Бұл көпірдің қызмет ету мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Орнына жаңасын салу қажет. Әрине, оған қомақты қаржы керек. Сондықтан былтыр 2 бетон тірегіне ғана ағымдық орташа жөндеу жүргізілген.
Үлбідегі көпірдің құлауы қаладағы басқа да жол өлкелдеріне тексеріс жүргізуге түрткі болды. Себебі қауіпсіздікті қамтамасыз етпесе, апаттың қайталанбасына кепіл жоқ.
Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:-Автокөлік көпірі – аса маңызды стратегиялық нысан. Сондықтан ол жерде жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылуы тиіс. Мұның артында қаншама адамның өмірі мен қауіпсіздігі тұрғанын ұмытпауымыз керек.
Өскеменде 6 көпір бар. Соның біреуі жабылғалы қалада көлік кептелісі пайда болды. Сарапшылар кептелістен құтылудың әзірге жолғыз жолын ұсынып отыр. Ол Ертістің үстінен тағы бір жаңа көпір салу.
Жұлдыз Жамиғазина, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің оқытушысы:-Қазіргі кезде автомобильдердің қозғалыс қарқыны өсуде. Соған байланысты бізде ескі жолдар реконструкциядан өтіп жатыр және де жаңадан жолдар салынып жатыр. Осыған байланысты сол жолдардан келетін қозғалыс қарқындылығын қамтамасыз ету үшін бізге көпірлерді түбегейлі реконструкция жасау керек немесе жаңадан купірлер салыну керек.
Облыс орталығынан бір емес, екі өзен ағып өтеді. Мәселен, Ертіс өзеніндегі мына көпір арқылы сағатына 6 мың көлік қатынайды. Ағылған көлік ағынын реттеу үшін жаңадан салынатын көпір құрылысы келесі жылға жоспарланып отыр. Мамандар жақын күндері жобасын дайындауға кіріседі. Олар стратегиялық нысанды салу аса қиындық туғызбайтынын айтады. Оған дәлел былтыр шығысқазақстандық құрылысшылар. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзын көпірді салды. Елдос Кәкенов, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин