Биыл Таразда 73 көпқабатты үйді жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделмек. Олардың басым көпшілігі салынғалы күрделі жөндеу көрмеген. Сондықтан шатырынан су ағып, ауызсу мен кәріз жүйесі тозған.
Алатау шағынауданындағы бұл баспана 40 жылдан бері бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Салдарынан инженерлік желілерінің бәрі тозған. Әсіресе ауызсу мен жылу желісінің құбыры шіріп, әр жерден тесіліп жатыр. Сыздан пәтер қабырғалары көгеріп кеткен. Ғабит Бегімбаев, қала тұрғыны: -Подвалға адам кіре алмайды. Иістен кіріп шығу қиын мүмкін емес. Құбырлар, бүкіл трубаның бәрі шіріп кеткен ғой. Стояктар шіріп, тікелей подвалға ағып жатыр ғой. Әкімге де бардық орынбасарына да бардық, жкх-ға да бардық тұрғын үйге де бардық. Әне-міне, ертең, биыл болды. Сол уәдемен келе жатырмыз. Жұрт жауын жауса шұрық тесік мына шатырдан су ағады дейді. 5 қабаттан саулаған су 1-қабатқа дейін өтеді екен. Сондықтан тұрғындар үй төбесін тегістеп қара қағаз төсеп көрген. Бірақ бұдан нәтиже болмады дейді. Міне әр жаңбырдан соң осы міне жағдайымыз. Су сорғалап мына астына дейін обойларымыздың барлығы жыртылып кетті.Көпқабатты баспана 2022 жылы тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында қайта жаңғыртылуы керек еді. Бірақ жобаны ұтқан мердігер алдын ала төлем ретінде 15 миллион теңге алып, құрылысты тастап кеткен. Бұдан соң жауаптылар компанияны сотқа берді. Дегенмен әлі күнге бөлінген қаражат қайтарылмаған. «Енді республикалық қазынадан қайта қаржы бөлінсе, жаңғырту жұмысын биыл бастаймыз», - дейді жауаптылар.Алмат Радикұлы, «Тұрғын үй жөндеу Тараз» мекемесінің директоры:-Наурыз айында республикалық бюджетке 73 үйге өтінім берілген болатын. 7 млрд 816 млн теңгеге. Бүгінгі күні қаражат мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Дегенмен де республикалық бюджеттен нақтылау жоспарлануда.
Қаражат бөлінген жағдайда ол үйлердің барлығы толықтай жөнделеді. Алатау мөлтек ауданындағы 14-үй 73 үйдің қатарында бар.Былтыр облыс орталығында 53 баспана қайта жаңғыртудан өтті. Ескі үйлердің жертөлесі мен кіреберістері жөнделіп, сыртқы келбеті қалыпқа келтірілді. Жалпы қазір Тараздағы 1400-ден аса көпқабатты үйдің 600-ге жуығы қайта жаңғыртуды қажет етіп тұр. Мерей Бает, Бақытжан Бапаев