Павлодар облысында жылу маусымына дайындық қалай?

  • 13
  • 04.09.2025, 18:51

Павлодар облысында кейбір аудандардың жылу беру маусымына дайындығы ойдағыдай болмай тұр. Ақтоғай ауданы басшылығы «жылуға толық дайынбыз» деп мәлімдеген. «Соған қарамастан, жүргізілген тексеру бірқатар олқылықтың бар екендігін көрсетті»,- дейді мәслихат депутаттары. Атап айтқанда, Ақтоғай ауданында 26 қазандық жұмыс істеп тұр. Алайда Басқамыс ауылындағы мектеп қазандығы апатты жағдайда. Ал Мүткенов пен Ақтоғай ауылдарында жылу құбырларының тозығы кеткен. Мониторингтік топ жауаптыларға тиісті ескерту жасады. Аудан әкімдігі кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюға уәде беріп отыр. 

Илья Мухортов, облыстық мәслихат депутаты:

-Бұл нысандар мектеп, аурухана және әкімдік ғимараттары. Біз барлық мекемелерге кешенді зерттеу жүргіздік. Қазандықтардың жай-күйі, құбырлар мен өзге де құрылғыларды түгел қарап шықтық. Ақаулар өте көп. Барлық ескертулер ескеріліп, олқылықтар жойылады деп сенеміз.


Дархан Дощанов, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары:

-Өткенде ана мониторинг өткізген кезде мына көрсеткен кемшілік сол түгелі орындалды.


Уақытында ауыстырылды, жасалынды, 80% дайын деп айтуға болады. Енді біраз қалғанымыз енді көмір жеткізу. Бізде жоспарланған 6 мың тонна шамасында. Қазіргі таңда 2,5 мың тонна жеткізілді.