Өңірлерде 540 медициналық нысан салынды

  • 18
  • 05.09.2025, 19:30

Премьер-министрдің және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Онда Президент Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды. Олжас Бектенов Үкімет тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. 

Былтыр шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 1,3 млрд доллар болатын 45 жоба пайдалануға берілген. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірлерде 540 медициналық нысан салыныпты. Сондай-ақ 2 жылда 12 мың шақырымнан астам инженерлік желі жөнделген. Ал биыл 13 мың шақырым жол салу жұмыстары қолға алынған. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:

- Үкімет пен Парламенттің өзара үйлесімді жұмыс атқаруы – тиімді мемлекеттік саясаттың негізі. Өйткені бәріміздің мақсатымыз бір. Ол – еліміздің өркендеуі, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы. Бұл үшін Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен Жолдауларындағы тапсырмалары дер кезінде орындалуы тиіс. Ортақ мұрат жолында жұмыла әрекет еткенде ғана біз нақты нәтижелерге қол жеткізетініміз анық.