Шымкент қаласында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Қалада қазандықтар мен жылу желілері жөнделіп, жабдықтар жаңартылып жатыр. Қазірдің өзінде 27 қазандықтың 24-і, 17 сорғы станциясының 14-і іске қосылған. Дегенмен салада шешілмеген мәселе де бар, бұл қарыз. Халықтың жылуға берешегі 430 миллион теңгеден асса, заңды тұлғалар 300 миллион теңгеден астам қарыз. Ал жылу таратушы компания «Куатжылуорталық-3»-тің өзі жылу өндіруші мекемеге 2,7 миллиард теңге берешек. Соған қарамастан, компания өкілдері қысқа дайындық толық жүріп жатқанын айтады. Жылу трассаларын тексеру кезінде 100-ге жуық ақау анықталған, көпшілігі қалпына келтірілген.. Қалғаны қыркүйектің соңына дейін жөнделеді.
Жанұзақ Махамбетов, «Қуатжылуорталық-3» МКК инфрақұрылымды дамыту жөніндегі директордың орынбасары:
-Біз кепілдік хаттамалар беріп жатырмыз. Бізге көрсететін қызметтер ол газ болады немесе электроэнергия. Оларға біз кепілдік хатпен. Сондықтан мынау жылыту маусымына еш әсері тимейді. Барлығы толығымен жылу маусымына 100 пайызбен кіреміз деп ойлап отырмыз.