Жасанды интеллект экономика мен басқаруда қолданылады

  • 20
  • 09.09.2025, 19:35

Қазір адамзат жасанды интеллектпен бірге өмір сүретін дәуірде. Бұл бүгін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты алаңында бас қосқан сарапшылар пікірі. Енді еліміздің транзиттік потенциалы мен шикізат секторында да цифрлық жүйе пайдаланылады. Жаңа технологияны экономикада пайдалану тұрақты шарттардың бірі болмақ.

Жиында мамандар мемлекеттік басқаруды жаңғырту жөнінде де келелі ойларын ортаға салды. Олардың айтуынша, бір палаталы Парламентті жасақтау кезінде бір мандатты округтердің сақталуы жөнінде де ұсыныс болуы мүмкін.

Әлихан Бәйменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы:

- Бізде партиялар қалыптасуға жаңа ынта-жігер пайда болады деп ойлаймын. Себебі Қазақстан саяси жүйесінің әзірге бір кемшін тұсы, саяси партиялар әлі толыққанды қалыптасып үлгерген жоқ. Ендеше партиялық тізіммен сайлау оларға серпін береді деп ойлаймын.

Альтаир Ахметов, Astana IT университетінің ректоры

- Электронды Үкіметтен біз ақылды Үкіметке айналып жатырмыз. Жасанды интеллектінің арқасында біз біраз процестерді ашық әрі тиімді етіп жасауға мүмкіндігіміз бар. Процестер жөнінде шешім бар. Үкімет басшысының орынбасары ретінде ертең министр жұмыс істейді, ол кісіге басқа мемлекеттермен жұмыс істеуге тиісті құзыреттілік берілетін болады.