«Цифрлық кодексті қабылдап, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру – дер кезінде қабылданған шешім», - дейді депутат Асхат Аймағамбетов. Әсіресе жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маманның басқаруы маңызды. «Себебі бұл еліміздің бір емес, бірнеше саласына қатысты заман талабы» деген пікір білдірді.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Өйткені жасанды интеллект – бұл бүгін тек қана білімді, ғылымды әлде медицинаны өзгертетін мәселе емес. Бұл әлемді өзгертеді. Бұл тіпті жаңағы Президенттің айтқан мәселесі – бұл біздің қалай ойлайтынымызға дейін, құндылықтар жүйесіне дейін өзгертетін болғаннан кейін, логистика, экономика, тіпті құрылыс саласын өзгертетін болғаннан кейін осындай деңгейде көтеру керек. Өте маңызды, қажетті шешімдердің бірі.