Сәтбаев каналына 8 жаңа трансформатор орнатылып жатыр

  • 24
  • 09.09.2025, 19:47

Қарағанды және Павлодар облыстарын, сондай-ақ Астана қаласын ауызсумен қамтамасыз ететін Қаныш Сәтбаев атындағы каналға 8 жаңа трансформатор орнатылып жатыр. Жауапты министрліктің хабарлауынша, жоба жыл соңына дейін аяқталады. Ал 2026 жылдың соңына дейін каналға 17 жаңа трансформатор орнату жоспарлануда. Сондай-ақ 19 насос агрегаты ауыстырылады.

Ербол Қалдыбеков , ҚР СРИМ Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің бас сарапшысы:

- Сонымен қатар бұл каналдың суын өңірлердегі өндіріс орындары мен шаруа қожалықтары пайдаланады. Нысанның жалпы ұзындығы 458 шақырымды құрайды.