Павлодарлық энергетиктер Жолдауды талқылады

  • 19
  • 10.09.2025, 19:38

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» ұжымы Президент Жолдауындағы негізгі тезистерді талқылады.

Жиын барысында Қазақстан Халық партиясының өкілдері Жолдаудың басты бағыттарын түсіндіріп, энергетика саласын жаңғырту мен халықтың өмір сапасын арттыру мәселелеріне баса назар аударды. Әсіресе Президенттің ауқымды реформалары мен стратегиялық бастамалары өндірістік кәсіпорындарда қалай жүзеге асатыны жан-жақты талқыланды. Кездесу барысында энергетика саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. 

Әлімбек Ағыбаев, Қазақстан Халық партиясы ПОФ төрағасының міндетін атқарушы:

- Бұл шынайы әрі маңызды кездесу болды деп есептеймін. Ұжым арасында Президент Жолдауын талқылауға деген жоғары қызығушылықтың болғаны қуантады. Көтерілген көкейтесті сауалдарға біз міндетті түрде назар аударамыз, өйткені олар расында да өзекті. Біз халықтың үнін естиміз. Кездесуге қатысушылармен тікелей әрі ашық диалог орнады. Сондықтан да айтылған маңызды мәселелерді шешу жолында бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.