Елордада ата-аналарға психологиялық сауаттылық семинары өтті

  • 16
  • 10.09.2025, 19:41

Сауатты ата-ана – сау отбасы. Елордада «Жанұя» орталығы мен қазақстандық Психологтар қауымдастығы арнайы семинар ұйымдастырды. Мақсат — отбасы институтын нығайту, ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру және бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті насихаттау. Психология, медицина және педагогика мамандары өзекті мәселелерді талқылап, практикалық кеңес пен арнайы жаттығулар ұсынды. 

Ғалияш Махашова, «Бейсана» қазақстандық Психологтар қоғамдастығының төрайымы:

- Сауатты ата-ана баласының психофизологиялық дамуын жас ерекшелігіне қарай біліп отыру. Балалардың эмоциясын баспай өсіретін ата-ана, мінезіндегі ерекшеліктеріне орын беретін ата-ана. Көп қаламайтын әрекеттерімізді біз бейсаналы түрде жасаймыз. Балаңызды ұрып қойып, дауыс көтеріп қойып, қысымға салып, артынан сол туралы өкінетін болсаңыз, ол әрекеттерді бейсаналы түрде жасап жатырсыз. Бұдан арылу үшін сауатты болуға мүмкіндік өте көп.