Қазақстанда 50-ге жуық заңсыз қару тәркіленді

  • 16
  • 10.09.2025, 19:47

Елде заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынды. Тіпті қару жасырылған 12 қойма анықталған. Олардың арасында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 дана қару мен полицияның арнайы жабдықтары бар. Бұл 1-ші қыркүйектен бастап қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша жүріп жатқан «Учаске» жедел алдын алу шарасының нәтижесі.

Жандос Батырбеков, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары:

- Азаматтар тарапынан 15 қару өз еркімен тапсырылды. 21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, онда 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5-ші қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.