Қазақстан мен Венеция комиссиясы арасындағы ынтымақтастық арта түсті

  • 20
  • 10.09.2025, 19:50

Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Сорбонна-Қазақстан институты мен Лотарингия университетінде «Құқықтық диалог» өтті. Іс-шара ел Конституциясының 30 жылдығына арналды. Жиынға Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының төрайымы Клэр Бази-Малори бастаған делегация қатысты. Тараптар комиссияның әлемдік конституциялық құрылыс пен адам құқықтарын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын қалыптастырудағы рөлі туралы пікір алысты. Оған қоса, қатысушылар құқықтық мәдениет пен заң үстемдігі қағидасы  төңірегіндегі ойларын ортаға салды. Айта кетейік, консультативті орган осы саладағы заңдар мен жобаларды талдайды. Қазақстан 2012 жылдан бастап Венеция комиссиясының мүшесі.

Айнұр Сәбитова, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:

- Өз Жарғысына сәйкес, Венеция комиссиясы тәуелсіз консультативтік орган ретінде қатысушы мемлекеттердің бірінші кезекте құқық жүйелерін зерделеумен, сондай-ақ құқықтық мемлекет пен демократия қағидаттарын іске асырумен айналысады.