Сот төрелігі академиясы білім беру процесіне цифрлық шешімдерді қолдана бастады. Жоғары Сот Кеңесі жанындағы мекемеде Оқу процесін автоматтандыру үшін жаңа ақпараттық жүйе құрастырылды. Жасанды интеллект технологияларын сот процестерін модельдеуге және құқық қолдану практикасын талдауға да енгізу жайы пысықталуда. Мамандардың айтуынша, заманауи технологияларды қолдану болашақ судьялардың кәсіби біліктілігін арттырып, цифрлық заманда жұмыс істеуге бейімдейді. Сот төрелігі академиясы биыл алғаш рет ғылыми-педагогикалық магистратураға қабылдау жүргізді. Сондай-ақ «Құқық» бағыты бойынша докторантура оқытуға мемлекеттік лицензия алды.
Қанат Мусин, ҚР Жоғары Сот кеңесі жанындағы сот төрелігі академиясы ректорының орынбасары:
- Бұл шешім академияның ғылыми әлеуетін кеңейтіп ғана қоймай, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін мансаптық әрі ғылыми өсуіне жол ашты. Қазіргі таңда доктарантураға құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Оқу 2025 жылдың қарашасында басталады.