20 қыркүйектен бастап елде коммуналдық төлемдерге қатысты жаңа тәртіп енгізіледі. Енді қазақстандықтар әртүрлі түбіртектердің орнына ай сайын бір ғана түбіртек алады. Бұл жұмысты Бірыңғай есептеу орталығы атқарады. Ол барлық жеткізушілерден мәлімет жинап, тұтынушыға бір төлем құжатын береді. Яғни жарық, су, жылу, қоқыс шығару бәрі бір жерде көрсетіледі. Тұтынушылар түбіртекті электронды түрде ала алады немесе қағаз нұсқасын сұрата алады. Мақсат – төлем жүйесін ашық әрі түсінікті ету.