Қазақстанда ет өңдеу зауыты салынады

  • 18
  • 12.09.2025, 19:30

Қазақстанда ет өңдеу зауыты және аграрлық өнімдерді сатып алу жөніндегі үлестіру орталығы салынады.

Бұл туралы Премьер-министрдің LuLu Group International компаниясының негізін қалаушы Юсуф Алимен кездесуінде белгілі болды. Тараптар агроөнеркәсіп кешені мен сауда саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады. Мейман ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді. Бүгінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері 70-тен астам мемлекетке экспортталады. Еліміз бұл көрсеткішті ұлғайтуды жоспарлап отыр.