Астанада Конституциялық сот өкілдері бас қосты

  • 17
  • 12.09.2025, 19:42

Астанада Конституциялық сот төрелігі және оның өзекті мәселелерін талқылауға арналған халықаралық форум өтіп жатыр. Оған әлемнің 15 елінен заңгер-ғалымдар, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдер, қорғаушылар қатысуда. Сондай-ақ құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның Президенті де бар. Ұйым конституциялық реформа жүргізу кезінде тиісті стандарттардың ескерілуін қамтиды.

Жиында халықаралық деңгейде қалыптасқан жағдайға орай бірлесе қызмет ету, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, еліміздегі заң шығару ісінің тиімділігін арттыру мен өзге де мәселелер талқыланбақ. Форум Ата Заңымыздың 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Жалпы Қазақстанда Конституциялық сот құрылғалы 11 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралған. 

Бақыт Нұрмұханов, ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары:

- Халықаралық үрдіске қарасақ, қоғам мен мемлекет алдында туындап жатқан қазіргі сын-қатерлер көп мемлекеттерге ұқсас. Сондықтан біз халықаралық әріптестермен бірлесіп, осы көкейкесті мәселелерді тереңінен талқылап, тәжірибемен алмасып, осы бағыттағы қызметіміздің тиімділігін арттыру үшін тың ұсыныстар әзірлейтін боламыз.