«Пациент-серіктес» бағдарламасы іске қосылды

  • 18
  • 12.09.2025, 19:42

Енді ем алушы тек пациент қана емес, медициналық мекеменің серіктесі бола алады. Елде «Пациент-серіктес» бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында пациент денсаулық сақтау жүйесіне тікелей араласып, медициналық қызметтің сапасын арттыруға көмектеседі.

Нақты айтқанда, еліміздің 200-ден астам азаматы онлайн және оффлайн ұйымдастырылатын тегін курстардан өтеді. Олар ем алушының құқығы мен міндеті туралы білім алып, мекеменің мониторинг жұмысына, тіпті құқықтық нормативтік құжат дайындауына қатысады. Ең бастысы, ем алушылардың арыз-шағымдарын жеткізіп, кемшіліктерді саралайды. Яғни медициналық мекеме мен науқас арасындағы «Алтын көпір» болмақ.

Ботагөз Қауыпбаева, Денсаулық сақтау сапасын аккредиттеу орталығының төрағасы:

- Ол пациенттерді біз өзімізге көмекші ретінде көреміз және де біздің мына стандарттарды жаңартуға, өздеріне бір жақсы іс-шараларға қатыстыруға біз өзімізге алайық деп отырмыз және де мына құқықтық заңнамаларды шығарған кезде өздерінің пікірлерін берсе, жұмыс топтарына қоссақ деген ойдамыз.