Шымкенттегі ірі кондитерлік фабрика ұжымы Президент Жолдауындағы негізгі бағыттарды талқылады. Еңбек адамдарымен кездескен Қазақстан Халық партиясының өкілдері жаңа инвестициялық саясат, салықтық реформалар мен өндірісті қолдау тетіктерін түсіндірді. Жалпы әлеуметтік қорғау мен кәсіпкерлікті қолдау шараларының маңызы айтылды. Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары қалай жүзеге асатыны талқыланды. Ашық диалогта жұмысшылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Бақтияр Жандарбеков, Қазақстан Халық партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы:
- Соңғы 12 жылдың ішінде өндіріс 7 есе өскен екен. Жаңа саясат одан да үлкен мүмкіндік береді. Бұл мекемеге экономика мен қаржы қандай мүмкіндік беретінін түсіндіреміз.